{metadescription}
Алматыда жиһаз фабрикасының жұмысшылары үш ай жалақысыз қалған
Алматыда жиһаз фабрикасының жұмысшылары үш ай жалақысыз қалған

Алматыда жиһаз фабрикасының жұмысшылары үш ай жалақысыз қалған

Алматыда жиһаз фабрикасының жұмысшылары үш ай бойы жалақы ала алмай жүр. Маңдай тер ақысын талап еткен жұрт бүгін тағы кәсіпорын алдына жиналды. Олардың айтуынша, компанияның 30-дан астам жұмысшы алдындағы берешегі 40 миллион теңгеге жеткен. Түрлі сылтау айтып үйреніп қалған басшылық бүгін жиналғандардан есептесу үшін тағы екі ай уақыт беруін сұрады.

Ас үй жиһазын шығаратын фабрика алдына жиналған жұрт маңдай термен тапқан еңбекақысын үш ай бойы ала алмай келеді. Айтуларынша, дәл осындай жағдайға тап болған бас-аяғы 30 адам бар. Әрқайсысына компания 1 миллион теңгеден қарыз.

Бақытжан Байғұлов, жұмысшы:

Төрт балам бар. Жолдасым екеуміз бірге осы жерде істедік. Бала-шағаны бағу оңай емес. Біз қаншама уақыт түсініспен қарадық. Біз тек еңбек ақымызды талап етеміз. Басқа артық ешқандай сұрақ, шағымымыз жоқ. Жалақымызды берсін, болды. Қайтіп бұл есікті көрмейміз.

Жиһаз шығаратын компания басшылығы адал тапқан жалақымызды беруге асығар емес, дейді жұмысшылар. Соның кесірінен әбден қарызға батып, несие төлей алмай жүр екен. Амал қалмаған соң, ақырында жұмыстан шығып, күнделікті нәпақа көзін табуға кіріскен. Бірақ ол да күнкөріске жетер-жетпестей. Күйінген жұрт полицияға да арызданған.

Тұрар Мұқышев, жұмысшы:

 Такси жүргізушісі де бола алмаймын, көлігім әбден тозды. Бала-шағамды асырауым керек. Көлігім бұзылып қалған. Бұлардың маған қарызы бір айлық және төлем болғанда, 550, 600 мыңға шамалас еңбекақым бар. 

Еламан Нұрсейіт, жұмысшы:

2024 жылдың күзінен бастап қыса бастады ғой. 100 мың теңгеден беріп, 80 мың теңгеден беріп. Кейде бастықтан сұрасаң, ұрсып береді. "Қайта-қайта сұрай бермеңдерші, сауда болмай жатыр" дейді. Кейде бухгалтерлерге сілтеп жібереді.

Жалпы компанияның еңбекақы бойынша берешегі 40 миллион теңгеге жеткен. Бүгін әрең дегенде сыртқа шыққан компания басшысы жұмысшылар алдындағы "жауапкершіліктен қашып отырған жоқпын" дейді. Ол бұл жағдайдың бәрі сауданың дұрыс болмағанынан деп отыр. Басшы мәселені толық шешу үшін жұмысшылардан тағы екі ай беруді сұрады.

Асқар Юсупхан, BRAMF Opereation компаниясының даму бойынша директоры:

Қазір  жұмысшылардың алдында «Брамф Оперейшн» емес, мердігер қарыз. 7 сәуір 2025 жылы жалақы мәселе бойынша сұрақтың бәрі жабылады. Мен мердігерлер үшін де жауапкершілікті аламын. Солармен жалақыны заң аясында, өзінің заңмен бекітілген, өзінің штарфтарымен, санкцияларымен толық өтеуге міндетті екенімізді толық мойындаймыз.

Бірақ жұмысшылар екі ай шыдайтын жағдайы жоқ екенін айтады әрі уақытты созып, ақыр соңы көк тиын төлемей кетеді деген уайымы да бар. Уәдесін орындамаған компания басшысының үстінен қазір сотқа шағым дайындалып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.