{metadescription}
«Күйеуіңді қайтарам». Қостанайлық әйел балгерге төлеген ақшасын өндіріп алды
«Күйеуіңді қайтарам». Қостанайлық әйел балгерге төлеген ақшасын өндіріп алды

«Күйеуіңді қайтарам». Қостанайлық әйел балгерге төлеген ақшасын өндіріп алды

Қостанайлық әйел үйден кеткен күйеуін "отбасына қайтарам" деген балгерге төлеген ақшасын сот арқылы өндіріп алды. Оның қызметіне 100 мың теңгесін бергенімен, отағасы отбасына сол күйі оралмаған.

Күйеуінің көңілдесі барын біліп күйзеліске түскен әйел таро картасымен бал ашатын адамға әлеуметтік желі арқылы шыққан. Өз қайғысымен бөліскен кезде әлгі балгер болашақты болжап қана қоймай, жұбайын отбасына қайтаратынын айтқан. 100 мың теңге тұратын сеанс онлайн өткен. Тіпті "күйеуің қайтып келмесе, қаражатты қайтарам" депті.  Алайда оның болжамы да, жасаған дуасы да орындалмаған. Кейін ақшаны қайтарудан да бас тартады. Амалы қалмаған әйел сотқа арызданып, айғақ ретінде екеуара жазылған хабарламаларды ұсыныпты. 

Ләззат Байғожина, Қостанай облысы бойынша сот әкімшілігі департаментінің баспасөз қызметінің басшысы:

Қайтарудан жалтарғандықтан, азаматша талап-арызбен Қостанай сотына жүгінді. Сот іс материалдарын зерделей келе, арызды қанағаттандырып, жауапкерден 100 мың теңге өндіріп алуға шешім шығарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде