Атырауда «мектепті жарамыз» деп үркіткен күдікті табылмады
Атырауда «мектепті жарамыз» деп, педагогті қорқытқан күдікті табылмады. Қаладағы №3 мектеп-гимназиясы тарих пәні мұғаліміне «80 миллион теңге жібер, әйтпесе, мектепті жарамыз» деген хабарлама түскен.
Автор: Жанат Молдашова
07.02.2025
Хабарлама шетелдік нөмірден орыс тілінде жазылыпты. Тіпті есепшотын да қоса жіберген. Мұны көріп қорқып кеткен мұғалім құзырлы органдарға хабарлапты. Сол бойы жеткен жедел топ білім ордасын түгел тексеріп шыққан. Бірақ күдік туғызатын зат табылмапты. Дегенмен терроризм актісіне қатысты жалған хабар тарату дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қазір мектепте оқу жалғасып жатыр.
Нұргүл Қанафина, мектеп директорының міндетін атқарушы:
— Тарих пәні мұғаліміне мектепке бомба қойылғанын және балалардың өмірін сақтап қалғысы келсе деп төлем жіберген. 80 млн аударуын сұраған. Жедел топ қызметкерлері тез келіп, өзіне тиісті жұмысын жүргізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!