Таразда 15 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болған
Таразда 15 жастағы оқушының өгей әкесінен жүкті болғаны анықталды. Екі айлық шақалақтың биологиялық әкесі 54 жастағы азамат екенін ДНК сараптамасы көрсетті. Азғындық жасаған өгей әке қамауға алынды.
Автор: Сәбит Әлдебай
10.02.2025
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
— ҚР ҚК 120-бабы,3\1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Оқушының жүкті болғанн мектеп те, емхана да байқамаған. Дәрігерлер тек босанғанда ғана біліпті. Алайда олар оқушы қыздың уақтылы емханаға келіп, тиісті тексеруден тұрақты өтіп тұрғанынын айтады. Әрдайым жанында өгей әкесі жүретін дейді ақ халаттылар. Жүктілігінің бесінші айында Жамбыл жоғарғы мединицаналық колледжіне ауысқан оқушы оқу жылының ортасында босанған. Қазір ол академиялық демалыста. Ал екі айдан бері нәрестені «немерем» деп келген өгей әке қамауға алынды. Қазір полиция департаменті өгей әкенің қаршадай қызды қанша жылдан бері қорлап келгенін анықтап жатыр.
Әлия Шатаева, №7 Тараз емханасының бас дәрігері:
— Бұл қыз дәрігерге үнемі осы өгей әкесімен қабылдауға келіп жүрген. Дене құқрылысында еш өзгеріс байқалмаған. Өз тарапынан шағым болмағаннан кейін, жүктілік бойынша есепке алынбаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!