Атырау: 62 жастағы әйелді азаптап өлтірген күдікті марқұмның туысы болып шықты
Атырауда 62 жастағы әйелді азаптап өлтірген күдікті ұсталды. Ол марқұмның туысы екен.
Автор: Жанат Молдашова
10.02.2025
35 жастағы тұрғын зейнеткерді аяусыз өлтірген — денесін бөлшектеп тастаған. Қылмысын жасыру үшін мәйітті өртеп жіберген. Оқиға орнынан марқұмның тек бас және жамбас сүйегінің қалдығы табылған. Полиция күдіктіні қамауға алып, кешенді тергеу жүргізіп жатыр.
Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі:
— 62 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен оның 35 жастағы туысы анықталып ұсталды. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!