{metadescription}
«Қайтарылған активтер». Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі сатылымға шығарылды
«Қайтарылған активтер». Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі сатылымға шығарылды

«Қайтарылған активтер». Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі сатылымға шығарылды

Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі сатылады. Нұра ауданында орналасқан зәулім сарайды қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатылымға шығарған.

Ауласы бір гектар, өзі 2 900 шаршы метрге жуық үйдің құны да осал емес 1 миллиард 900 мың теңге. Іші тола қымбат жиһаз, бассейндер мен спорт залы және кәсіби музыкалық аппараттармен жабдықталған караоке бөлмесінің өзі назар аудартады.

Еске сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы қаңтар оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған. Тергеушілер кейін Мәсімовтің осы үйін көрсетіп, ішінен 17 миллионнан доллар, алтын құймалар, қымбат көліктер, элиталы сағаттар мен түрлі антиквариат тәркілеген болатын. Оның Алматы мен Астанадағы пәтерлері, Бурабайдағы бір гектар жеріне дейін мемлекетке қайтарылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде