Ақтөбеде танысының денесін бөлшектеп тоңазытқышта сақтаған қос азамат сотталды
Ақтөбеде танысының денесін бөлшектеп, басы мен іш-құрылысын тоңазытқышта сақтаған қос азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Адам өлтіргені үшін біреуі 11 жылға, ал қылмысты жасырғаны үшін екіншісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Автор: Жаңалық Ахаш
10.02.2025
Айуандықпен адам өлтіргендерге қатысты сот тез аяқталды. Осыдан екі апта бұрын сотталушылар алқа билердің үкіміне жүгінетін айтқан еді. Сол уақыт аралығында алқа билер мүшесі іріктеліп, жауап алу да жылдам өтті. Сот басталмай жатып бас бостандығынан айрылғандардың бірінің анасы баласынан безініп кеткенін мәлімдеді. Себебі оның бұрын да осындай сұмдыққа барғанын айтады.
Еске салсақ, қанды қылмыс өткен күзде Хромтау қаласында болған. Екі соталушы пышақтап өлтірген адаммен бірге арақ ішеді. Кейін өлі денені кескілеп, қала сыртындағы кен орнына лақтырған. Ал марқұмның басы мен ішкі құрылысын тоңазтқышқа сақтап қойған. Бәрі бұрын істі болып түрмеге отырып шыққандар екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!