{metadescription}
АҚШ-та Raim мен Еркенің концерті өтпейтін болды
АҚШ-та Raim мен Еркенің концерті өтпейтін болды

АҚШ-та Raim мен Еркенің концерті өтпейтін болды

Трамп саясатының салқыны Raim мен Еркеге де тиіпті. Ерлі-зайыпты әншілердің АҚШ-та жоспарлаған концерті өтпейтін болды. Негізі ән кеші Американың төрт қаласында ақпанның 13-і мен 18-і аралығында жоспарланған.

Ал әншілерге виза тек екі күнге берілген. Яғни АҚШ шекарасына ақпанның 10-ы мен 12-сі аралығында кіруге ғана рұқсат алыпты. Бұл концерт белгіленген уақытпен сәйкес келмейді. Сондықтан жолға шығуға дайын отырған Raim мен Ерке елде қалған.

Құжатсыз мигранттар Дональд Трамптың ерекше бақылауына алынған тақырыбы болғандықтан, Америкада заңсыз концерт өткізуден бас тартуға тура келді деп жазды Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасына. Сондай-ақ ол отбасының атынан тыңдармандарынан кешірім сұраған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде