{metadescription}
0:000:00
Алматы: Қоғамдық көлік жүргізушілері екі ай жалақысыз қалған

Алматы: Қоғамдық көлік жүргізушілері екі ай жалақысыз қалған

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері жалақы алмадық деп шу шығарды. Автобус паркінің 200-ден аса қызметкері айлық түспегеніне екі ай болды дейді.  Бұл аздай, былтырдан бері жүргізушілердің зейнетақы және медициналық сақтандыру төлемі аударылмаған. Есесіне, таңғы 4-тен түнгі 11-ге дейін жолаушы таситындарға қойылатын талап көбейген екен. Шыдамы таусылған жүргізушілер бүгін автопарк басшылығынан кезекті рет еңбекақысын талап етті. 

Қоғамдық көлік жүргізушілерінің шыдамы әбден таусылған. Қаладан облысқа жолаушы таситындардың жалақыны ұмытқанына екі айдың жүзі болыпты. Осы уақыт аралығында қарызға белшемізден баттық дейді.

Мадияр Әбділдаев, автобус жүргізушісі:

Сейсенбіде деді, түспеді, жұмада деді, түспеді. Екі ай. Кредит қысып жатыр. Отбасымызда мен ғана жұмыс істеймін. Бала-шаға маған қарап отыр.

Бұл аздай, автобус паркі жүргізушілердің ай сайынғы зейнетақы және медициналық сақтандыру төлемін былтырдан бері жүргізбеген.

Ерғали Жолдасбаев, автобус жүргізушісі:

Зейнетақы төлемі де жоқ. Маусым айынан бері жоқ. Медициналық сақтандыру да жоқ. Жігіттер ауырып қалса, емханада бізді қарамайды. Ақылы емханаға баруға ақша жоқ.

Жолаушылар көлігін тізгіндейтіндер жұмысымыз онсыз да ауыр дейді. Таңғы 4-тен түнгі 11-ге дейін рөлде екен. Жүргізушілерге қойылатын талап та жоғары.

Бақыт Айтмырзаев, автобус жүргізушісі:

Таңғы төрттен шығып паркке келеміз. Жұмысқа шығатын бірінші кесте 4:52. Соңғысы 23:39. Жанармай құясың, анау-мынау дейсің, түнгі 12 болады. Үйге барасың, сағат үш жарым, төртте қайта жұмысқа келу керек.

Маңдай тері ақысынан қағылуы осылайша жүргізушілердің ашуын туғызған. Сондықтан жалақысын даулап әкімдікке бармақ болыпты. Алайда автобус паркінің басшылығы оларды тоқтатып қойыпты. Яғни жалақы жақында төленеді деп, екі айдан бері созбалаңға салған. Мұндағылар бүгін де кезекті уәдесін берді. Айтуларынша, жылдың басында жалақының кешіктірілуі қалыпты жағдай. Себебі, әкімдіктен бөлінетін субсидияны күтеді екен. Ал былтырғы қаражат желтоқсан айының жалақысына жетпей қалыпты.

Абылайхан Омархан, Neo City Trans автобус паркінің директоры:

Қаулы қабылданып жатыр. Кейін әкімдік өз міндеттемесін орындап, субсидиясы төленетін болса, жүргізушілерге жалақысын төлеп береміз. Біздің паркте кредит мәселесі  бар. Яғни кез келген автобустың алынуы, соның бәрі кредитте. Сондықтан сәл осындай кешіккен жағдай біздің де жұмысқа кесірін тигізді, біздің кредит те төленбей жатыр.

Жүргізушілердің міндетті әлеуметтік төлемі де жақын арада аударылады деп сендірді. Алматы әкімдігіндегілер де автобус паркіне тиісті қаражат ертең жіберетінін мәлімдеді. Ал адал еңбегінің ақысынан қағылған кейбір жүргізушілер жұмыстан шығып, басқа табыс көзін іздеуге кірісіп кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде