{metadescription}
0:000:00
Астана: Ескі вокзалда жарылған контейнерге қатысты тергеу жүріп жатыр

Астана: Ескі вокзалда жарылған контейнерге қатысты тергеу жүріп жатыр

Елорданың ескі теміржол вокзалында жойқын жарылыстан күлі көкке ұшқан контейнерге қатысты тергеу жүріп жатыр. Көлік министрлігі берген ақпаратта жүк тиелген контейнер Астанаға Еуроодақ елдерінің бірінен жөнелтіліпті. 

Талғат Ластаев, ҚР Көлік вице-министрі:

Бұл контейнер Еуродақ елдерінен келген. Оның ішінде дизель генераторы болған. Жарылыс жойқын болғанын растаймыз. Қазір оның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Вице-министр тергеп-тексерудің бір айға дейін жалғасатынын айтты.

Еске салсақ, өткен аптада теміржол вокзалында түн ішінде жойқын жарылыс болады. Бір сәтте сұрыптау паркінің 12-ші жолында пойызбен жеткізілген жүк контейнері атылып, сол мезетте

күл-паршасы шыққан. Бір адам жарықшақтан қолын аздап кесіп алғаны болмаса, өзге зардап шеккендер болған жоқ. Көліктегі полиция департаменті «Темір жол көлігін дұрыс іске қоспау және қауіпсіздік ережелерін сақтамау" баптары негізінде тергеу жүргізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде