{metadescription}
0:000:00
Депутат: «Қазіргі балалардың емізігі — TikTok, бесік жыры —  Instagram»

Депутат: «Қазіргі балалардың емізігі — TikTok, бесік жыры — Instagram»

«Қазіргі балалардың емізігі — TikTok, бесік жыры —  Instagram». Естіген құлаққа түрпідей тисе де, заман ағымы осыған саяды дейді депутат Жанарбек Әшімжан. Премьер-министрге жолданған депутат сауалында ол әлеуметтік желіні қазірден сүзгіден өткізіп шектеу қоймасақ, оның салдарымен күресте қауқарсыз боламыз деп отыр.

Жанарбек Әшімжан, Мәжіліс депутаты:

Құмар ойындарды жарнамалау, стрим арқылы әдепсіз әдеттерді көрсету, боқауыз сөздер, порнография, суицидке шақыру, діни уағыздардың оңды-солды таралуы буллинг, тыйым салынған заттардың жарнамасы секілді теріс ақпараттар осы ТикТок арқылы таралуда. ТикТоктан көргенін қайталап, жағымсыз қылық пен әдепсіз іске үйір болып бара жатқаны да жасырын емес.

Жалпы Қытайдан бастау алған ТикТок желісін төңіректе бұғаттап жатқан ел аз емес. Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан мен Иранда бір мезетте танымал болған бұл платформаны жергілікті атқамінерлер қажетсіз деп танып көзін жойыпты. Депутаттың айтуынша, лімізде соңғы екі жылда ТикТокқа 14 млн адам тіркеліп үлгерген. Бесіктен белі шықпаған балалардың өзі мән-мағынасы жоқ челлендж жетегінде кеткен.

Айта кетейік, кәмелетке толмағандардың ТикТокты пайдалануына шектеу қою мәселесін бұған дейін бірқатар мәжілісмендермен қатар депутаттар да Сенат мінберінде көтерген болатын. Әзірге қолданылған нақты шара жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.