{metadescription}
0:000:00
«Жол ережесі». Сенатор айыппұлдың 50 пайыз жеңілдігін алып тастауды ұсынды

«Жол ережесі». Сенатор айыппұлдың 50 пайыз жеңілдігін алып тастауды ұсынды

Жол ережесін жүйелі бұзып, айыппұлдың тек жартысын төлеп жүре беретіндерге шара қолдану керек. Сенатор Марат Қожаев жеті күн ішінде төлегендерге 50 пайыз жеңілдік дегенді алып тастауды ұсынды.

Марат Қожаев, Сенат депутаты:

Айыппұл оларға еш қиындық туғызбайды. Қалталары қалың. Сол себепті мен ұсыныс енгіздім. Жылдамдықты асырғаны үшін 10 ретайыппұл төлесе, 11-ші рет оған айыппұлды жеңілдікпен бере береміз бе? Жоқ. Ол әдейі істеп жатыр, заңды, әділеттік дегенді түсінбейді, танымайды, орындағысы келмейді. Қарапайым қазақпен бірдей болғысы келмейді, ерекше болғысы келеді. Ерекше болғысы келмесе, оған ерекше тәсіл керек.

Сенатордың айтуынша, мемлекеттік нөмірі де қымбат небір шетелдік көлік тізгіндеген жастарға 50 пайыз айыппұл тек майда-шүйде шығын. Сондықтан оны тәртіпке шақырудың жолы қосымша жаза қолдану. Мәселен, бір жас жүргізуші  Алматыда бір жылда 76 рет жол ережесін бұзып, айыппұлын жеңілдікпен төлеп жүрген. Ал енді бірі жолда 143 рет заңсыздыққа барған. Ол да 50 пайыз жеңілдікті пайдаланыпты. Депутаттың пікірінше, 50 пайыз жеңілдікті алып тастап, заң нормаларын қатаңдатса, жолда есіріп, жүйткіп жүретін қалталыларға тұсау салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.