{metadescription}
0:000:00
Түрік сериалындағы актерлер өмірде қандай адамдар, немен айналысады?

Түрік сериалындағы актерлер өмірде қандай адамдар, немен айналысады?

Хит болған түрік сериалдарындағы актерлер қазір қайда жүр? Кезінде жаңа бөлімін асыға күткен көрермен сүйікті кейіпкерлері туралы не біледі? Иә, 20 жыл бұрын Юсуф Мероғлы, Жаппар төре, Бериванның тағдырына алаңдамаған жұрт аз болмады. Ал өмірде олар қандай адамдар? Немен айналысады? 

Ұзын пальто, қиылған қас, қабағы қату. Юсуф Мероғлының бұл образына тамсанбаған қыз-келіншек, еліктемеген жігіт жоқ. 1998 жылы көрерменге жол тартқан «Асау жүрек» сериалы атыс-шабыс жанрында түсірілген. Басты рөлді Кенан Имирзалиоглу сомдайды. Бүгінде 50 жасқа келген актер Түркия телеарнасындағы танымал бағдарламаны жүргізеді. Жары Синем Кобал екеуінің екі қызы бар.

Кешкі асын «Қыналы қарсыз» ішпейтін отбасылар аз болмады. Әли мен Назардың махаббаты, Жаппар Төре, «Алла,Алла» дейтін Қамбардың тағдырына алаңдаған көрермен де көбейді. Сериалда Әлиді әнші Эмра, Назарды актриса Өзлем Көнкер сомдаған. Бүгінде 54 жасқа толған Эмра актерлікті қойып, режиссер, продюсер екен. Ал Өзлем мен Жаппар Төре кино индустриясындағы кәсібінен қол үзбепті.

«Қыналы қардан» кейін көрерменнің назары «Бериванда» болды. Дұшпандардың қастығынан азап шеккен әйелге көбі қосылып жылады. Басты рөлді сыған қызы Сибель Жан сомдаған. Өмірде әнші әрі кәсіби биші. Екі рет тұрмыс құрған әйелдің үш баласы бар.

Танымал «Көкжалдар мекені» сериалынан кейін Полат Алемдарға еліктейтін еркектер көбейді. Басты рөлдегі Неджати Шашмаз.  Бүгінде ол продюсер, сценарий жазушы, кәсіпкер. Құрылыс пен туризм саласында бірнеше кәсібі бар. Екі ұлдың әкесі.

Көптің көзайымына айналған тағы бір туынды   «Мың бір түн». Сюжет желісі Онур мен Шехрезаттың махаббаты төңірегінде өрбиді. Сериал шынайы өмірде де жалғасын тапқан. Басты рөлдегі Халит Эргенч пен Бергюзәл Корел түсірілімнен кейін шаңырақ көтерген. Бүгінде үш баласы бар. Екеуі де Түркияның ең танымал актері. Халит әйгілі «Ғаламат ғасыр» хикаясындағы Сүлеймен сұлтанның рөлін сомдаған. Ал "Мың бір түндегі" Бурхан бей мен Нәдиде ханымның рөліндегі актерлер, өкінішке қарай, өмірден өтіпті.

Осылайша танымал түрік сериалдарына қысқаша шолу жасап, актерлердің шынайы өмірімен таныстық. Осы туындылардан кейін ер‑азаматтардың «Юсуфпын» деп мақтанып, «Қамбарсың» деп кемсітетін кездері де болған деседі. Тіпті кей отбасы Шехризат, Зейнеп, Бериван деп, дүниеге келген қызына ат қойған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде