Маңғыстау облысында үш адам газдан уланып көз жұмды
Маңғыстау облысында газға уланған үш адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Атамекен ауылында болған бір отбасының төрт мүшесіне иіс тиіп, үшеуі сол сәтте көз жұмды. Қаза тапқандардың қатарында 13-16 жас аралығындағы екі жасөспірім бар. Тағы бір адам облыстық ауруханының жансақтау бөлімінде жатыр. Үш адамның өліміне қатысты Мұнайлы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.
Автор: Ислам Қабылұлы
24.02.2025
Оқыс оқиғаның неден болғанын анықтау үшін тергеу жүргізіліп, сараптамалар жасалуда. Ал куәгерлердің айтуынша, үйдің жылу пешінде мұржа болмаған. Соның салдарынан улы газ сыртқа шықпай, үй ішіне тараған көрінеді.
Нұрсұлтан Әбдіраш, Мұнайлы ауданы ТЖБ бастығы:
— 23 ақпанда Мұнайлы ауданы, Атамекен ауыл округы, Қаламқас тұрғын-үй массивінде төрт адам газдан уланғаны анықталды. Оқиға орнында үш адам қаза тапқан. Екеуі — жасөспірім. Бір азамат Маңғыстау облысы ауруханасының жансақтау бөліміне орналастырылды. Мұнайлы ауданының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!