{metadescription}
0:000:00
«Автобус апаты». Жүргізушіге ота жасалып, жолаушылар емделіп жатыр

«Автобус апаты». Жүргізушіге ота жасалып, жолаушылар емделіп жатыр

Астанада бағанаға соғылған автобус жүргізушісіне ота жасалып, жарақат алған жолаушылар да ем қабылдауда. Осы жол апатынан ауруханаға бас-аяғы 15 адам келіп түсіпті. Дәрігерлер тексерісінен кейін сегіз азамат үйіне жіберілген.

Жеңісбек Бапанов №1 көпбейінді аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

Инфаркт, инсультке қатысты айтатын болсам, ондай мәліметтің әлеуметтік желіде шығып жатқандығын білемін. Бірақ жүргізушінің қан талдамасына, басқа да сараптамаларына сүйеніп айтарым, ондай диагноз расталмады. Ал алкогольді ішімдіктерді тұтынған-тұтынбағанын растайтын сараптама қорытындысы әлі әзір емес.

55 жастағы автобус жүргізушісінің қатты соққыдан миы шайқалған. Елордадағы алтыншы автобус паркінде ол 5 жылдан бері жұмыс істеп келген. Автопарк өкілдері жүргізуші сол күні таңғы сағат 5 жарымда жолға шыққан дейді. Еңбек өтілі 36 жылды құрайтын ол бұған дейін ішкілік ішіп, басқа да бейәдеп әрекетпен көзге түспеді деп сендірді.

Рашит Рахматуллин, «CTS» ЖШС департамент басшысы:

Жұмысшыны қабылдар сәтте мына критерийлерді назарға аламыз. Мәселен, тек 23 жасқа толғандар ғана біздің автопаркке жұмысқа орналасып жүргізуші бола алады. Еңбек өтілі де үш жылдан кем болмауы тиіс. Бұған дейін, автобус жүргізушілері тапшы болатын. Қазір талаптарды сәл жұмсартқан соң, тапшылық жойылды деп айта аламын. Жолға шығардың алдында әр жүргізуші толықтай медициналық тексерістен өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.