{metadescription}
0:000:00
Алматы облысы: Бөбекжайда бүлдіршіндерге өсімдік баптауды үйретіп жатыр

Алматы облысы: Бөбекжайда бүлдіршіндерге өсімдік баптауды үйретіп жатыр

Алматы облысында бүлдіршіндерге өсімдік баптауды үйретіп жатқан бөбекжай бар. Мектепке дейінгі білім беру ұйымында “Жасыл балабақша” жобасы іске қосылды. Осы бағытта “Әдемі” бөбекжай- балабақшасында педагогтардың қатысуымен «Жасыл әлем біздің ортақ үйіміз» атты семинар өтті.

Экологиялық шараға бөбекжайдағы 200-ге жуық бүлдіршін қатысты. Олар балабақшаның ішін көгалдандырып, гүлдердің түр-түрін егеді. Бұл балғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді дейді мамандар. Бала жастан қоршаған ортаға деген құрметін арттырып, табиғат жанашырлығын оятуды мақсат еткен тәрбиешілер бүлдіршіндермен бірге түрлі зерттеу жүргізіп, шығармашылық жобаларын ортаға салып, оны әріптестерімен бөлісті.

Бинур Еламанова, “Әдемі” бөбекжай- балабақшасының меңгерушісі:

Семинарда үш топта үш түрлі іс-шара өткізді. Тәжірибе жасады. Келесі топ экалог бұрышын қорғады. Дұрыс тамақтануда экологиялық таза өнім алу, ол қалай болады? Осының бәрін іс жүзінде көрсеттік.

Пилот жоба аясында балабақшада «жасыл әлем» орталығы ашылған. Балалар мұнда бөлме өсімдіктерін отырғызады,

Оны күтіп-баптауды үйренеді. Тәрбиешілер мен балақайлар бірігіп қоқыс сұрыптайды. Осылайша балалар қағаз қалдық пен пластиктен түрлі бұйым жасауға дағдыланған. Бүлдіршіндер кішкентай кезінен табиғат жанашыры, дейді мамандар. 

Гүлжихан Иманхатова, Алматы облысы әдістеме орталығының директоры:

Баланы экология бағытында балабақшаға келгеннен бастауымыз керек. Тілі енді шығып келе жатқан бүлдіршін табиғат пен қоршаған ортаның өзара үйлесімін түсіне білуі керек. Тек экология емес, сонымен қатар ұлт құндылықтарын дәріптеуде жұмыс істеп жатыр. Демек, біз баланың бойында рухани құндылықты қалыптастыру бағытында көп жұмыс атқарып жатырмыз.

Бөбекжайдың дәлізі кәдімгі гүлзар бақтан кем емес. Мұнда 50-ден астам гүлдің түрі бар. Бөбекжай тәрбиеленушілері күн сайын осылай өсімдіктерді суарып, топырағын қопсытып тұрады. Сондай-ақ хош иісті гүлдердің бір парасы балалардың ойын бөлмелеріне де қойылған. Тәрбиешілердің айтуынша, ол лас ауаны тазартып, балғындарға жақсы көңіл күй сыйлайды.

Бинур Еламанова, “Әдемі” бөбекжай- балабақшасының меңгерушісі:

Жасыл балабақша жобасы аясында бұл жұмысымыз бұдан ары қартай жалғасын табады. Көктем мезгілінде күн жылып, сыртымызды тазалап, осы жерде бүкіл табиғатты қорғау мақсатында көкөніс отырғызамыз, алма бағы болмақ. Гүлдің түр-түрін отырғызамыз, ағаш егеміз. Балаларға даладағы тірі табиғатпен байланыс орнатамыз. Әр бүлдіршін осыны көріп өсуге тиіс.

Сонымен қатар ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында «Өрім өру өнерім» бұрышы жұмыс істейді. «Қамшы қанат, болашаққа аманат» атты жабдықталған бөлме де бар. Осындай жобалармен кішкентайлар елін, жерін сүюге, табиғатты аялауға қазірден бастап дағдыланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.