{metadescription}
0:000:00
«Ата-ана құқығынан айыру». Семейде оқушыны қорлағандар арнайы мектепке жіберіледі

«Ата-ана құқығынан айыру». Семейде оқушыны қорлағандар арнайы мектепке жіберіледі

Семейде 11 жастағы оқушыны аяусыз соққыға жыққандар арнайы мектепке жіберіледі. Онда олар түзету курсынан өтуге қажет. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясы осындай шешім қабылдады.

Қоғам наразылығын тудырған оқиға 22 ақпанда болған еді. Онда бір топ оқушы өз қатарласын аяусыз ұрып-соғып, әбден қорлаған. Алғашында барлығы шаһардағы №9 мектепте оқитыны айтылған. Әйтсе де қазір озбыр оқушылардың үш мектептен жиналғаны анықталып отыр. Олардың қатарында, «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицейі интернатының оқушысы мен колледждердің бірінде 2 курс оқитын студент қыз да болған. Енді арнайы комиссия баласын бетімен жібергендерді ата-ана құқығынан айырып, екі балаға қорғаншылықты тоқтату туралы шешім шығарды. Тіпті оларды арнайы мектепке ауыстыруды ұйғарған. Алайда соңғы шешімді сот шығарады.

Ернар Базаров, Абай облысы ПД бастығының орынбасары:

 Барлық материал сотқа берілді. Онда соңғы шешім қабылданады. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сот жасөспірімдердің мамандандырылған мекемеде болу мерзімін анықтап, ата-ана құқығынан айыру туралы түпкілікті қаулы шығарады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде