Сегіз блогер өз еркімен 1 миллиардтан астам кірісін декларациялады
Қазақстандық сегіз блогер өз еркімен 1 миллиардтан астам кірісін декларациялаған. Оған өткен аптада желіде тараған жай адамның тек түсіне кіретін миллирдтаған салыққа міндеттелген тізім себеп пе, ол жағы беймәлім.
Автор: Айжан Шамшидин
27.02.2025
Белгілісі, Кірістер комитетінің мәліметінше, барлығынан оқ бойы озып ерекшеленген бұл сегіз блогер бюджетке 70 миллион теңгеден астам салық төлепті. Алайда салықшылар миллиондаған оқырманы бар ғаламтор жұлдыздарының атын атап, түсін түстеуден аулақ екенін айтып, бөгде ақпарат таратпады.
Ал бір-ақ күнде жұлдызды тізімге енген блогерлерге қатысты ақпараттың рас-өтірігіне қатысты ішкі істер министрлігінің өз айтары бар. Борышкер блогерлер тізімге қатысты ақпарат тарату дерегі тіркеліп, әрі қарай Астананың полиция департаментіне жіберілген.
ҚР Ішкі істер министрлігі:
— Әлеуметтік желілерде блогерлердің деректері бар тізімді тарату ІІМ ақпаратты есепке алу кітабында тіркеліп, материал Астана қаласының полиция департаментіне жіберілді. Материалды қарағанда осы тізімнің шын екенін анықтау үшін шаралар қабылданады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!