Өскемен: Шақалағын қоқысқа тастаған көкек-анаға қылмыстық іс қозғалды
Өскеменде қоқыс зауытынан жаңа туған шақалақтың денесі табылды. Жарық дүние есігін ашпай жатып бақилық болған бейкүнә сәбиді жұмысшылар тауып алған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
27.02.2025
Көп ұзамай бауыр еті баласын тастап кеткен көкек-ана ұсталды. 44 жастағы келіншек жалдамалы пәтерде ешқандай медициналық көмексіз босанған. Жүкті кезінде есепке де тұрмаған. Қазір бес баланың анасы алтыншы нәрестесінің өлі туылғанын айтып ақталып отыр. Сондықтан ол сәбидің денесін ауладағы қоқыс жәшігіне тастаған. Қазір күдікті медициналық тексерістен өткізу үшін ауруханаға жеткізіліп, бала өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Гүлнұр Түсіпова, ШҚО ПД баспасөз хатшысы:
— Аталған факті бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында баланың анасы табылды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!