105 дана магнит жұтып қойған бүлдіршінге ота жасалды
105 дана магнит жұтып қойған екі жасар бүлдіршін бір өлімнен қалды. Ота жасаған алматылық дәрігерлер бұрын-соңды мұндай жағдай тіркелмеген дейді.
Автор: Әсем Лесбек
28.02.2025
Оның асқазынан өлшемі 6x2 сантиметр болатын металл моншақтарды алып шыққан. Ал бала оны ата-анасымен қонаққа барған үйде ойнап жүріп жұтып қойыпты. Қазір бүлдіршін отадан кейінгі ем-домын алып үйіне жіберілген. Дәрігерлер ас қорыту жүйесінің қалпына келгенін айтты.
Мамандар сәбилердің бөгде зат жұту дерегі жилегенін айтып, майда бөлшектері бар ойыншықты есі кірмеген бүлдішіндерге ұстатпауды ескертті. Өйткені жылына 400-ге жуық балаға лапротомия және гастротомия күрделі отасы жасалады екен.
Мейіржан Құрманәлиев, Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының бөлім меңгерушісі:
— Жылына 300-400 бала бөгде зат жұтып біздің ауруханаға келіп қаралады. Қиындық тудыратын жағдай, бізде ине жұтып қойған кезде, магнит жұтып қойған кезде, кейін батареяларды жұтып қойған кез де болды. Тиындар, ол жаңағы 200 теңгеліктер. 100 теңгеліктер өңеште тұрып қалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!