{metadescription}
0:000:00
«Үйтіп-бүйтіп» — талқыға түскен тақырыптар тізбегі

«Үйтіп-бүйтіп» — талқыға түскен тақырыптар тізбегі

Жаңалықтарда жаңа айдар. Енді әр жұма сайын аптада қызу талқыға түскен тақырыптардың тізбегін журналист Асқарбек Қазанғап тарқатады. "Үйтіп-бүйтіп" рубрикасынының алғашқы санын ұсынамыз.

Үйтіп-бүйтіп жұмыс аптасының аяғына аптықпай жеттіңіздер ме? Дүйсенбіден бері әлем желіде жүрген жойқын жаңалықтарды жіліктесек! Тілде тиек, ауызда жиек жоқ.

Тізім десе, кейбіреудің төбе шашы тік тұрады. Айканың атышулы тізімін түгендеп болдық деп жүргенде, салық жинайтындар блогерлердің басына қара бұл үйірді. Әдетте көр-соқырды жарнамалап, сүттен ақ, судан таза боп жүргендер салыққа келгенде сасып қалды. Жүрегін ұстап жанталасып жүргендердің жай-күйін Алексей Лодочников былай деп суреттейді.

Блогерлердің көбісі видео жаза бастады, өзінің инстаграм парақшасында.

Әлбетте, төлеу керек! Байлығы асып-тасыған Америкада «Өлімнен құтылуға болады, салықтан құтыла алмайсың» дейді. Осы жолы үйтіп-бүйтіп, әке-көке деп сытыла алмайсың. Бұл есебін бере салатын гиф, лотерея емес.

Енді Мәһірді не дейміз? Өзін емес, сөзін. Олай дейтініміз, Бас мүфти діни терминдерді бұрынғы дәстүрмен қазақша атауға шақырды. 30 күн Оразада сәнге айналатын кірме сөздер шығып кетсін бе, ағайын?

Наурызбай қажы Тағанұлы, бас мүфти:

Өкініштісі, кейбір жас буын ауызашарды «ифтар», сәресіні «сухур» деп айтып жүргені көңілге қаяу түсіреді. Сан ғасырдан бері мұсылман жолын ұстанған ата-бабамыз ауызашар, сәресі деген сөздерді қолданған. Біз де бабалар жолын ұстанған ұрпақ ретінде, өзге тілден енген діни терминдерден барынша аулақ болып, жақсы сөз қолдансақ.

Расымен, «ифтар» демей-ақ, ауызашар десек, ауызымыз қисайып қала ма? Әлде бұл ауылдағының аузы сасық деп, жат сөбен жарқ етіп көзге түсемін деп тыраштану ма? Ол былай тұрсын, енді тренингте кәлима айтқызатын бизнес‑коучтар пайда болыпты.

Алматыдағы әйдік оқу орнында болған жағдай. «Айка әлемі» дейтін бизнес-тренердің лекциясына қатысты видео тарады. Студенттер де, видеоны көрген көпшілік те аң-таң. Университет басшылығы үйтіп-бүйтіп кешірім сұрап, оқиғаны жылы жапты.

Кейінгі кезде жоғалған жұлдыздардың тізімінде жүрген Алмас аяқ астынан жарқ етіп шыға келді.  Кішкенбаев «кішкентай қылмысы» үшін 15 тәулікке қамалды деп бір шуладық. Шыға сала бетін көрсетпей, камерадан безген әрекетін әбес көргендер көп. Хейттен мезі болды ма, нүктесін қояйық деп қатулы жүзбен желіге үндеуін жариялап тынды. Енді тиіспей, тыныштық берейікші.

Бұдан былай бұл ақпарат жөнінде маған сұрақтарыңызды қоймасаңыздар болады. Осы жерден өзім нүктесін қояйын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде