Полиция бастығының кабинетінде зорланған әйел де абақтыға аттанды
Полиция бастығының кабинетінде зорланған әйел де абақтыға аттанды. Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевтың артынан тағы үш адам темір торға тоғытылып отыр.
Автор: Әсем Лесбек
28.02.2025
Экс-полицейден «жәбір көрдім» деген келіншек пен оның танысы және Талдықорған сотының хатшысы. Тергеуде Күштібаевтың зайыбы мен ағасына хатшыдан жазаны жеңілдетуге болады деген ұсыныс түскен көрінеді. Өйткені жәбірленуші сотта өз айғақтарын өзгертуі үшін хатшы қыз арқылы 50 млн теңге талап етіпті. Сөйтіп қаржының қомақты бөлігі қызға берілгенімен, айғақтар өзгертілмейді. Марат Күштібаев 11 жылға сотталады. Әйелі берілген ақшаны қайтаруды сұрап, кейін алаяқтық фактісі бойынша полицияға арыз жазған. Көксу аудандық судьясы былықтың бетін ашып, үшеуін де 6 жылға бас бостандығынан айырды.
Жетісу облысы Көксу ауданының соты:
— Сот, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайды ескере отырып, А., С. және К. Азаматтарды ҚР ҚК 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!