{metadescription}
0:000:00
«Мас жүргізушілерге жазаны жұмсарту». Депутаттар мен қоғамның ойы бір жерден шықпады

«Мас жүргізушілерге жазаны жұмсарту». Депутаттар мен қоғамның ойы бір жерден шықпады

Мас күйде көлік жүргізгендерге жазаны жұмсартудың қажеті жоқ. Бұл — бұған дейін ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болған, қазіргі сенатор Марат Қожаевтың пікірі. Полиция генералының сөзінше, қандай жағдай болмасын, адам өмірін басты құндылық ретінде қарауымыз керек. 

Марат Қожаев, Сенат депутаты:

Ең әуелі жүргізуші куәлігінен бір жылға айыру қарастырылды, ол нәтиже бермеді. Кейін бұл мерзім екі-үш жылға ұзартылды. Ақырында жеті жылға дейін көбейтілді. Көлік деген ойыншық емес, оны жүргізетін әр адам жауапкершілікті сезінуі керек.

Бір топ мәжілісмен өткен аптада Қазақстанда мас күйінде көлік жүргізгендерге қолданылатын шара әлемдегі ең қатал жазалардың бірі деп сынаған еді. Ащы су сілтегендерге жазаны жұмсарту керек деген ұсыныс та айтылған. Дегенмен бұл тұрғыда депутаттардан бастап, қоғамның ойы бір жақтан шықпады.

Айта кетейік, қолданыстағы заңда мас күйде машина жүргізгендер 15 тәулікке қамалып, жеті жылға куәлігінен айырылады. Екінші рет ұсталғандардың жазасы қатаң.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде