{metadescription}
0:000:00
«Иесі кім?». Семейде көше кезген жылқы таптап өткен әйел ауыр жарақат алды

«Иесі кім?». Семейде көше кезген жылқы таптап өткен әйел ауыр жарақат алды

Семейде қала кезіп жұртты әуре-сарсаңға салған жылқы иесі іздестіріліп жатыр. Асау жануар 56 жастағы әйелді таптап өткен. Миы шайқалып, бірнеше жерден сүйегі сынған науқас қазір дәрігерлердің бақылауында. 

Дарын Бахтыбаев, Семей жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі:

Науқастың миы шайқалған, жарақаттар алған. Қабырғасы, саусағы, жілігі сынған. Емделіп жатыр,зерттеулер жасалды.

Шылбырын сүйреген жылқы шаһардың орталығын екі күн кезген. Ақыры бағдаршамнан өтіп бара жатқан әйелді таптап өтіп, жеңіл көліктердің біріне соғылған. Тәртіп сақшылары мен қоғам белсенділері жануарды ұстау үшін оның ізіне түсті. Алайда жылқыны бірден құрықтау оңайға соқпады. Полиция қызметкерлері оны патрульдік автокөліктерімен жан-жақтан қаумалап жүріп әрең ұстады.

Дүйім елді шулатқан жылқының қожайыны іздестіріліп жатыр. Иесі табылған жағдайда, бүлінген жеңіл көліктің шығыны мен тұяғының астында қалған әйелдің ем-домына кеткен қаражатты өтеу міндеттеледі. 

Мейірбек Нұрекенов, Семей ПБ орталық полиция бөлімі бастығының орынбасары:

Жылқы ұсталып, иесіз малға арналған айып тұрағына жеткізілді. Полиция қызметкерлері иесін анықтап жатыр.  Оған ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар азаматтық тәртіпте зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу міндеттеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде