{metadescription}
0:000:00
«Ауызашар». Түркістанда фастфудқа тапсырыс бергендер ауруханаға түсті

«Ауызашар». Түркістанда фастфудқа тапсырыс бергендер ауруханаға түсті

Түркістанда фастфуд жеген тұрғындар жаппай астан уланып ауруханаға түсті. Барлығы ауызашарға дәмханадан суши мен пицца алдырған. Қызуы көтеріліп, жүрегі айныған 55 адам көп ұзамай жедел жәрдем шақыртқан.

Шахноза Нарзуллаева:

Иә, суши алдырып жеген. Сағат 11-де «бәріміз құстық» деді. Содан сағат 11 жарымда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Төрт-бес адам болған. Екі қыз бар, мектеп оқушысы. Қызымның жағдайы қазір жақсарды, жүкті еді. Бірінші жүктілігі.

Суши, пица және чикен дайындайтын «Ямми Маки» деген дәмхана түркістандықтар арасында аса танымал. Ауызашарға осы жерден фастфуд алдырып жүргендердің кеше жүрегі айныған. Ауруханаға жеткізілген 55 адамның 12-сі кәмелетке толмаған балалар. Арасында жүкті келіншек те бар. Суши жеп уланғандар тағамнан бөтен иіс пен дәм сезбегенін айтады.

Қазір фастфуд орталығы уақытша жабылып, есігі мөрленді. Улану дерегімен полиция ҚР ҚК «санитария қағидасын немесе гигиена нормативін бұзу» бабымен іс қозғап, сараптама тағайындалды. Ал дәрігерлер әзірге ауруханада қалған 22 науқасты оқшауланған палатада емдеп жатыр.

Бекзат Берденов, Түркістан орталық ауруханасының бас дәрігері:

Түркістан қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне 22 адам жатқызылды. Олардың барлығы тағамдық токсикоинфекция болжамдық диагноздары қойылды. Қазіргі таңда науқастардың барлығының жағдайы бірқалыпты. Ешқандай асқыну жоқ. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде