СҚО: Сергеевка су қоймасына барған балықшылар қайта оралмаған
Солтүстік Қазақстан облысында қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды. Алты адам Сергеевка су қоймасына балық аулауға барып, кері қайта алмай қалған.
Автор: Мерген Тоқсанбай
12.03.2025
Ауа райының қолайсыздығына қарамай, ауыл арасындағы жолмен су қоймасына аттанған балықшылар мінген үш көлік кері қайта алмаған. Боран соғып жолды қар басып қалған екен. Сондықтан оларды құтқарушылар жол талғамайтын көлікпен сүйреп шығарыпты. Балық аулап дем алушыларға, қар мен бораннан өзге де қауіп бар дейді мамандар. Себебі қазір су тасқынының алдын алу үшін Есіл өзенінің мұзын жару басталды. Яғни мұз жарылып, сең жүру қаупі күшейген.
Ризабек Темірбеков, СҚО ТЖД қызметкері:
— Балықшылардың қар құрсауында қалып қалғаны туралы ақпарат жетті. Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел түрлде екі құтқарушы мен бір арнайы техника жіберген болатын. Оқиға орынына кеп жеткеннен кейін біздің құтқарушылар көп ұзамай, балықшыларды қар құрсауынан шығарып, көмек көрсеткен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!