СҚО-да жолдар жабылады; Суық циклон көктемнің келуін біраз тежейді
Күн райының қолайсыздығы елдің солтүстігіндегі қозғалысты қиындатты. Көктайғақ пен қатты желге байланысты жолдар жабылып, көліктерді кептелісте қаңтарды. Бір ғана Қостанай облысының өзінде екі республикалық және төрт облыстық жол жабылған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
14.03.2025
Тоқтап қалғандардың арасында балалар мен әйелдерді қосқанда, 51 жолаушы отырған Ресейден Қырғызстанға бара жатқан автобус бар. Құтқарушылар олардың барлығын жылыту пунктіне жеткізді.
Ал Көкшетауда ексертуге қарамастан жолға шығып кеткен мыңдаған көлік көктайғак күні жабылған жолға шыға алмай кептелісте қаңтарылды. Қаланың өзінде бірнеше сағатта ондаған жол апаты тіркелді.
Соңғы үш күнде солтүстіктегілер алыс жолға шығу жоспарын ысыра тұрса болады, өйткені жолдар жабылады. Батыстан келетін суық циклон көктемнің келуін біразға тежейтін сияқты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!