Ақтөбеде жаппай төбелеске қатысты он студент сотта жауап беріп жатыр
Ақтөбеде студенттердің жаппай төбелесіне қатысты сот басталды. Қанды оқиға кезінде кәмелетке толмаған колледж оқушысы қаза тапқан еді. Қазір он адам жауап беріп жатыр, ал 32 азамат жәбірленуші деп танылған. Бұлардың барлығы — студент.
Автор: Жаңалық Ахаш
14.03.2025
Қанды оқиға осыдан тоғыз ай бұрын Ақтөбенің шетінде болған. Тергеушілердің айтуынша, студенттер (марқұм болған( бозбаланы кездесуге шақырады. Содан бір күн бұрын ол өзі қатарлы студентпен керісіп қалып, ағасына арызын айта барған. Ақыры екі жақ болып кездесіп, мал базары маңында жаппай төбелеседі. Жастар төбелеске құр қол келмей, шолақ мылтық пен пышағын да сайлапты.
Айыптау актісін оқыған прокурор қаза тапқан студентті жастар пышақтап қана қоймай, жеңіл көліктерімен бірнеше рет қаққанын да айтты.
Азамат Бақытжанов, мемлекеттік айыптаушы:
— Қарсы жақтан жігіттердің саны көп екенін біле тұра, өздерінің күш басымдылығы көрсету үшін және керек болған кезде адамның денсаулығына зиян келтіру үшін танысы Салаватовтың иелігінде еш жерде тіркелмеген бес атар қаруы барын біліп, соңғысы өзімен бірге, Насаналиевтардің айтқан жеріне келеуге баратыны туралы келісім берген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!