{metadescription}

Амал мерекесі: Қасым-Жомарт Тоқаев халқына құттықтау жолдады

Бүгін – Амал мерекесі! Бұл күн татулықтың таңбасына, дәстүріміздің жарқын жалғасына айналған айтулы күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқына құттықтау жолдады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі. Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін. Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Айдан аман, жылдан есен болайық!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде