Көктөбеде Бірлік оты жағылып, өнер жұлдыздары Алматыны әнге бөледі
Алматыда Көктөбеде Бірлік оты жағылды. Көктемнің келуін қарсы алуға жиналған жұрт сахна қойылымын тамашалап, өнер жұлдыздары Оңтүстік астана аспанын әнге бөледі.
Автор: Ақтоты Жұмабек
14.03.2025
Аман күнінің тәрбиесі зор. Үлкенге ізет көрсететін, кішілердің үлкенге барып құрмет көрсететін күні. Керемет, сәтті күн. Өйткені Көрісу күні көктөбенің төрінде тойланып жатыр. Амал күні құтты болсын!
Роза Рымбаева, ҚР Еңбек сіңірген артисі:
— Құрметті қазақстандықтар, қадірменді қауым, сіздерді шын жүректен әз наурыз, жаңа күнмен құттықтаймын. Наурыз мерекесі елімізге береке-бірлік алып келсін. Жерімізге көп астық алып келсін. Ақ мол болсын. Халықымыз береке-бірлікте өмір сүріп, жаңа өмірді жыл сайын үлкен қуанышпенен бастай берсін.
Көрісу күнінде Көктөбеге мыңдаған адам жиналды. Ынтымақ пен татулықтың белгісіне айналған Бірлік оты жағылды. Наурызнама он күндігі аясында 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланған.
Ал Елорда мектептерінде де амал мерекесін ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Мерекелік шарада оқушылар ұлттық ойындарға қатысты. Күмбірлетіп күй тартып, ұлттық өнерден шашу шашты. Мұндағы басты мақсат — балаларды ұлтжандылыққа, салт-дәстүрді қастерлей білуге тәрбиелеу дейді ұстаздар.
Нұрғали Тойғұлы, мұғалім:
— Бұл күнде бір-біріне бауырмалдылыққа шақыратын күн. Бір-бірінің ынтымағын, бірлігін көрсететін күн. Қыс бойы көріспеген адамдар көрісіп, қауышып, хал-жағдайын біліп, бір-бірінің қыстан аман шыққанын көрісіп, бір-біріне жақсылық тілеп, әрқашанда бірлікте болуға шақыратын күн.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!