{metadescription}

Амал мерекесінде Ақтөбеде 100 әже мен 100 келін шерулетті

Ақтөбеде Амал мерекесі ерекше өтіп жатыр. Көрісу күні жүз әже мен жүз келін шерулетті. Шараның мақсаты — отбасының ұйытқысы ене мен келіннің сыйластығын дәріптеп, үлкенге құрмет, кішеге ізет көрсетуді насихаттау. 

Ақ жаулықты аналар мен жас келіндердің шеруі қала шетіндегі Есет батыр ықшамауданында басталды. Оларды бүркіт ұстаған батыр жігітттер бастап жүрді. Одан соң аруанаға кимешек киген кейуананы мінгізген. Керуен екі шақырымдай жер жүріп, жол бойы ән шырқап, домбыра тартып, кездескен жұртпен көрісіп, амандық пен есендік сұрасты. Мәдениет орталығындағы алаңда қазан көтеріп, наурыз көше пісірді. Жиналған жұртқа дәм ауыз тигізіп, аузы берік ораза ұстаған жандарға сарқыт салып берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде