Теміртау тұрғынын пышақтап өлтірген 27 жастағы күдікті ұсталды
Теміртауда қаланың қақ ортасында қала тұрғынын пышақтап өлтірген 27 жастағы кұдікті ұсталды. Қылмыс орталықтағы аялдамада жасалған. Күдікті сөзге келген адамына дем арада он шақты рет пышақ жұмсаған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
14.03.2025
Екеуі алдымен Қарағанды Теміртау бағытындағы автобустың ішінде жанжалдасып қалған. Жұмыстан үйіне келе жатқан Олег Ходченко автобуста аузына келгенін айтып, боғауыз сөйлеп отырған жігіттерге ескерту жасаған. Өз аядамасынан түскенде әлгі жігіттер артынан шығыпты. Қала түрғыны сол жерде жан тапсырды. Біреуімен жағаласып тұрғанда, екіншісі артанын пышық сілтей беріпті. Бірақ күдікті ретінде бір-ақ адам ұсталған. Көргендер екіншісінің де қатысы барын айтып, әлеуметтік желіде дау туып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!