Семейде ескі көпірді мазақ қылған екі жігіт айыппұл төледі
Семейде ескі көпірді күлкіге айналдырған қос жігіт айыппұл арқалады. Өткелдің күйін сарказммен жеткіземіз деген екі дос қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытқан.
Автор: Ұлан Нұрахмет
14.03.2025
Қазір Ертіс өзенінің үстімен өтетін ескі көпірдің бетон бағаналары үгітіліп, саңылаулар пайда бола бастаған. Сондықтан шаһар тұрғындары әлеуметтік желіде бұл көпірмен жүру қауіпті екенін жарыса жазып жатыр. Алайда сараптама жүргізген атқамінерлер, алаңдауға еш негіз жоқ екенін алға тартып отыр. Ал көпірді әзілге айналдырған жастарға қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін екеуі 40 мың теңгеден айыппұл төлемек.
Совет Марғұлан, Семей қаласы ПБ Патрульдік полиция батальонының рота командирі:
— Әлеуметтік желіде көлік жүргізушісі мен жолаушысы қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін тақпай, жол қозғалысы ережесін бұзғаны түсірілген видео пайда болды. 24 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы жолаушылар мен жүк тасымалдау ережесін бұзғаны, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Айыппұл мөлшері он айлық есептік көрсеткіш.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!