{metadescription}

Президент Ұлттық құрылтайдың IV отырысында бірқатар мәселеге назар аудартты

Мемлекет басшысының қатысуымен Бурабайда Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтті. Көрісу күнімен тұспа-тұс келген жиында біраз мәселе көтерілді. Президент бүгін энергия тапшылығынан құтылу үшін елімізде бір емес, үш атом электр станциясының бой көтеретінін мәлім етті. 

Бірыңғай уақыт белдеуі, салық пен діни ахуалға тоқталды. Қаңырап қалған қалалардың да бойына қан жүгіртеді. Биыл Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолының құрылысы басталады.

Бюджетте қаржы болмаса, әлеуметтік міндеттеме қалай орындалмақ? Мемлекет басшысы құрылтайдағы сөзін салық реформасына қатысты ойымен бастады. Басқасы басқа, қосымша құн салығына қатысты сын-пікірлердің дұрыс-бұрыстығын екшелейтін кез келді дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Үкімет салық реформасына қатысты жаңа тәсілдерді ұсынды. Бұл шаралар, жалпы алғанда, дұрыс. Онда негізгі экономикалық және әлеуметтік факторлар ескерілген. Кәсіби мамандар да, жалпы жұртшылық та қосымша құн салығының мөлшерлемесін көтеру қажеттігіне түсіністікпен қарайды. Дегенмен ұсынылған шараларға, соның ішінде, қосымша құн салығына қатысты сын-пікірлер де естіліп қалады. Бірақ мұндай пайым шынайы ахуалға негізделмеген.

Екінің бірі экономист, саланы шемішкедей шағатын қаржыгер емес. Сондықтан Қазақстандағы түрлі салық режимін, жеңілдіктер мен преференцияларды тәптіштеп түсіндіруде үлкен жұмыс атқару қажет. Бұлай болмаған жағдайда көптің елімізді салық офшоры ретінде қабылдауы да түсінікті құбылыс.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Қазақстанда түрлі салық режимі, көптеген жеңілдік, преференция бар. Оның бәрі елімізде салық оффшоры сияқты ахуал қалыптастырды. Кәсіпкерлердің екі негізгі тобы пайда болды. Олар   заңнамадағы олқылықты пайдаланып, салық салынатын табысын өзі үшін азайтып көрсететіндер және барлық салықты адал төлейтіндер. Кәсіпкерлердің осы екінші тобы бәсекеге төтеп бере алмай жатыр. Үкімет салық төлеуден жалтару үшін бизнесін бөлшектейтіндердің әрекетіне орынды назар аударды. Өкінішке қарай, мұндай жағдай жаппай белең алған.

Президент «өзгенің қаңсығын таңсық етіп пір тұтқанды қою керек» деп кесіп айтты. Әңгіме бет-жүзін қара киіммен тұмшалап алатын жат ағым жетегінде кеткендер жайында.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Елімізде дін бостандығына кепілдік берілген. Бірақ жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмайды. Діннің аса маңызды миссиясы ұлтты ұйыстыру. Діни ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттар осы талапқа сай болуға тиіс. Бұл мәселені жан-жақты қарау керек. Соның ішінде заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеп отыру өте маңызды.

Елімізде бір емес, үш атом электр станциясы салынатын болды. Мемлекет басшысы осылайша энергия тапшылығынан құтылып, «өзгеге телміріп, тіленбейміз» дейді. Көгілдір отын мен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді оңынан пайдалану үшін Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құрылмақ. Уақыт белдеуіне қатысты да түйткілді Қасым-Жомарт Тоқаев айналып өтпеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Үкіметтің және депутаттардың басым көпшілігінің, сондай-ақ мамандардың уәжімен келісемін: біздің кең-байтақ жеріміз бар, халқымыздың саны да салыстырмалы түрде алғанда, көп емес. Сондықтан елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуға тиіс. Бұл тәсіл мемлекетті басқару ісін жеңілдетеді, логистика мен көптеген бизнес-үдерісті оңтайландыруға септігін тигізеді. Осымен пікірталасты доғару қажет деп ойлаймын, оның үстіне бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ.

Қалтасын қампайтуды  ғана ойлап, ақшаны суша сапырған режиссерлер де Құрылтайда сын садағына ілікті. Есерсоқ емес, есті кино түсіретін уақыт жеткенін меңзеген Мемлекет басшысы, «санға емес, сапаны қуатын кездің жеткенін» айтты. Былтыр 94 кино прокатқа шыққан, оның дені   күлкі-мазақ, бейәдеп сөздер. Мазақ демекші, Қасым-Жомарт Тоқаев желіде отырып алып, атың кім, түсің не демей-ақ, былапыт сөз жазғыштарға жазаны қатаңдатуды тапсырды.

Жергілікті әкімнің жеті атасы, шенеуніктің туыс көкесінің аты енді жер-су аттарынан көрініс таппайды. Президент «тарихи еңбегі» ешқандай архив құжатта расталмаған тұлғаларды ұлықтауға тыйым салды. Жүкті әйелдер мен кішкентай бөбектері бар тар қапастағы нәзік жандарға қатысты кей заңдық ұстанымдар да қайта қаралуы мүмкін.

Президент Бурабайда назар аударған ерекше мәселе әлемдегі ушығып тұрған геосаяси жағдай болды. Арбаны сындырмай, өгізді де өлтірмей, осы алған бағытымызбен жүре беретініміз шегеленіп айтылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде