Түркіменстанда тыйым — әйелдер жұмысқа сары көйлек, қыздар — сары орамал
Түркіменстанда күйеуі бар әйелдер бұдан былай жұмысқа тек сары көйлекпен баруы керек. Ал тұрмысқа шықпаған қыздар сары орамал тағуға міндетті. Мұндай тыйымды жұмыс берушілер "жоғары жақтан түскен бұйрық" деп түсіндіріпті.
Автор: Ақтоты Жұмабек
17.03.2025
Түркіменстанда осы іспеттес әйелдерге қатысты тыйым көп. Ереженің көбі заңды тұрғыда бекітілмеген. Бірақ талапқа бағынбағандарға қолданылатын шара қатаң екен. Сары көйлек, сары орамалға қатысты әйелдер қарсылығын анонимді түрде білдіруде.
Айта кетейік, бұл елде онсыз да әйелдерге боянуға, тар көйлек киюге, шашын ашық түске бояуға, жасанды кірпік жалғауғарұқсат жоқ.
Бірнеше жыл бұрын Түркіменстанда әйелдерге көлік жүргізуге де тыйым салынған. Ел астанасы Ашхабадта қара көлікке де тыйым салынып, тұрғындар көлігін ашық түске бояуға мәжбүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!