Талғар асуындағы Комсомол шыңында қар көшкіні жүріп, бір адам қаза тапты
Талғар асуындағы Комсомол шыңында қар көшкіні жүріп, бір адам қаза тапты. Бірер сағат бұрын мұнда қар көшкіні жүріп, бір адам қаза тапты. Қар астында қалған тағы екі турист жарақат алған.
Автор: Ақтоты Жұмабек
17.03.2025
Қар көшкіні Талғар асуындағы Комсомол шыңында болған. Бұл жолы да күртік қардың шың басынан төменге қарай жылжуына шаңғышылар түрткі болған көрінеді. Үш адам шаңғы теуіп жүргенде еңісті кесіп өтіп, қар массасы төменге сырғыған. Соның салдарынан үш турист қар астында қалған. Зардап шеккендердің екеуі қардан өз бетімен шықса, мерт болған шаңғышының денесін курорт қызметкерлері аршып алды. Ол 34 жастағы Ресей азамтшасы.
Денис Ярцев, Алматы ТЖД басқарма бастығы:
— Бүгін түстен кейін Талғар асуының үстінде туристердің тыйым салынған жерде шаңғы теуіп, қар көшкінін тудырғаны туралы хабарлама келіп түсті. Соның салдарынан үш адам зардап шекті. Құтқарушылар келген кезде екі адамның қардан өзі шығып кеткені анықталды. Ал бір адамның денесін шығарып алдық. Төтеншеліктер шаңғышылар мен туристерге қауіпті жерге бармауды сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!