Сауалнама: Қазіргі фильмдер. Ұлттық киім. Амнистия
Бурабайда өткен құрылтайдың IVотырысында президент көтерген маңызды мәселелер халық арасында қызу талқылануда. Келелі жиында қазіргі фильмдерге қатысты қоғамдық сын, ұлттық киім, амнистия және басқа да өзекті мәселелер қозғалған. Халық осы тақырыптар төңірегінде пікір білдіріп, алдағы уақытта нақты қадам жасалуын күтіп отыр.
Автор: Дастан Қуандық
17.03.2025
— Екінің бірі кино түсіріп жатқан жоқ па? Ер бала әйелдің рөлін ойнап жатыр. Ол қай заманда болған? Рухани жаңғырғанымыз ба?
— Балалармен бірге отырып кино көрген кезде де ұят. Мысалы наркотик жайлы болды ғой, меф туралы кино. Ол жерде бәрі ашық көрсетілген.
— Бір жанрда бола бермеу керек, кино деген. Расында отбасымызбен комедия көре беруден шаршадық.
— Тұмшаланып жүргенге қарсымын. Кәдімгідей, күнделікті киініп жүрген жақсы ғой. Қазақи киімді, кезіндегі біздің әжелеріміз киді ғой, сондай.
— Менің ойымша, әйелдер түрмеде отырмау керек. Бала-шағасымен үйде болуы керек. Айтатыным солғ мен қарсымын, ондай болмау керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!