{metadescription}
0:000:00
Ақтөбеде әжелер қыз-келіншектерге ұршық иіруді үйретті

Ақтөбеде әжелер қыз-келіншектерге ұршық иіруді үйретті

Ақтөбелік аналар мен қыз-келіншектер ұршық иіруге жиналды. Наурыз мейрамы қарсаңында салт-дәстүр күнін осылайша ерекше атап өтіп жатыр.

Кимешек киген әжелердің бәрінің қолында бір-бір ұршық. Әндерін шырқап, арасында қыз-келіншектерге өткен-кеткен әңгімелерін айтып қояды. Кезінде қолынан тастамаған құралдарының мән-мағынасын түсіндіреді. Бұрын әйелдің ептілігі мен шеберлігін, шыдамдылығы мен төзімділігін де ұршық иіруіне қарап бағалайтын болған. Мамандар ұршықтың денсаулыққа пайдалы екенін айтады. Жаттығу әсіресе буын, саусаққа тиімді. Қазір жастарға ұршық таңсық. Жүннен шұлық тоқып, жіп иіретіндер жоқтың қасы.

Қарагөз Сағынова:

Жүнді жуып, қойдан қырқып алып түтіп, онымен ұршық иіріп, балаларымызға байпақ, қолғап тоқып беретінбіз. Қазір жіп иірмейді. Дүкенде бәрі бар. Бірақ ұршық қазақтың ежелгі құралы болғандықтан, жіп иіруді жастарға үйретуіміз керек, көрсетуіміз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде