{metadescription}

Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды, төрағасы — Алмасадам Сәтқалиев

Мемлекет басшысы Атом энергиясы жөніндегі агенттік құру туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа ведомствоның төрағасы да белгілі. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қызметке Алмасадам Сәтқалиевті лайық деп тапты.

Сәтқалиев соңғы екі жылда энергетика министрі қызметін атқарған. Айта кетейік, Бурабайда өткен құрылтайда Президент еліміздің энергия көзінен тарықпай, болашақта ешкімге телмірмес үшін елімізге бір бір емес, бірнеше АЭС салсақ та артықтық етпейтінін айтқан болатын.

Қазір екінші және үшінші атом электр станциясына қолайлы жер таңдап жатыр. Бұған дейін энергетика министрлігі станция салуға Ұлттық қор мен зейнетақы қорынан бір тиын да жұмсалмайтынын жеткізген. Жұмсалатын бар қаражат инвесторлардың қалтасынан шығады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде