Астаналықтар жұмыс күнін жарты сағат ерте бастауы мүмкін
Астаналықтар енді шығыс жұртынан қалмай, жұмыс күнін жарты сағат ерте бастауы мүмкін. Мұндай ұсынысты бүгін қала Мәслихатының жиынында әкім орынбасары жария етті. Жаңа жұмыс кестесімен мемлекеттік ауруханалар, колледж бен мектептер жүріп-тұрады.
Автор: Айжан Шамшидин
18.03.2025
Бұл жаңашылдық көлік кептелісінің де алдын алуға мүмкіндік береді деп отыр қала атқамінерлері. Жұмыс кестесінің әдеттегідей тоғызда емес, сегіз жарымда басталуы шаһар өміріне қандай да бір оң өзгеріс алып келсе, жергілікті атқарушы билік тағы да бір жаңашылдықты енгізбек. Бұл жолы қала билігі ірі мекемелердің пікіріне құлақ асып, жұмысқа келу тәртібін таңғы сағат сегізден бекітпекші. Ұсыныс ұсыныс күйінде қалып қалмас үшін қала әкімдігінің шешімі келесі аптада үкіметтік деңгейде қаралады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!