{metadescription}

Кинодан түскен қаражат кімнің қалтасын қампайтып жатыр?

Кинотүсірушілер мен кинотеатр арасында табысты әділ әрі ашық бөлу мақсатында «е-Кино» платформасы құрылмақ. Бұл табыс мәселесін шешіп қана қоймай, авторлық құқықтың сақталуына да қажет дейді премьер-министр.

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

Жақсы кино түсіру үшін көп қаражат керек. Мұндай қаражатты прокаттан түсіруге болады. Бірақ қазір фильмнен түсетін пайданың көбі кинотеатр иелерінде қалады. Сондықтан кино түсірушілер мен оны прокатқа шығарушылардың мүддесінің тепе-теңдігін бекіту маңызды. Ол үшін түскен ақшаның ашықтығын және авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз ететін «е-кино» платформасын жедел іске қосу керек.

Қазір «е-Кино» жүйесі сынақ режимінде жұмысын бастаған. Мәдениет және ақпарат министрінің мәліметінше, 108 кинотеатрдың 68-і билет сатудан түскен табысын ашық көрсетіп отыр. Сондай ақ министр елімізде креативті индустрияны дамыту қоры құрылатынын айтып, осы салаға қатысты салықтық жеңілдіктер қарастыруды ұсынды. Қазір бұл салада бүгінде 143 мыңнан астам адам еңбек етуде және бұл көрсеткіш алдағы уақытта біршама өсуі мүмкін.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Қазақстандағы креативті индустрияларды дамыту қорының бюджеті ұлттық лотерея операторы қызметінен бөлінетін 3% аударым есебінен қалыптастырылады. Қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі – креативті индустриядағы венчурлық инвестицияларды дамыту. Осыған байланысты Астана халықаралық қаржы орталығы базасында басқарушы компаниялардың пулын тарта отырып, жедел және қайтарымды негізде ақшалай қаражатты тиімді орналастыруға мүмкіндік беретін венчурлық бөлімше құрылатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.