«Назира голд». Шымкенттіктерді алдаған қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды
Шымкентте мыңдаған тұрғынды тақырға отырғызған қаржы пирамидасын құрушылар ұсталды. Жұрт «Назира голд» деген күмәнді ұйымға ақша салып, артынан жер сипап қалған.
Автор: Бек Әбиев
18.03.2025
Аталмыш ұйым өзін зергер бұйымдар сататын компания ретінде таныстырған. Тіпті салымшыларға 20 мен 40 пайыз көлемінде табыс табасыз деп уәде беріпті. Бірақ төлемдер алтын сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың есебінен беріліп келген. Тергеушілердің есебінше, салымшылар саны 4 мыңнан асады. Қаржы пирамидасын құрғандар жиналған ақшаға элиталы пәтерлер, коттедж бен 10 автокөлік сатып алған. Күдіктілердің баспанасын тінткен кезде 374 миллион теңге ақша және құны 300 миллион теңгеден асатын 12 килограмм алтын бұйымдар тәркіленді.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:
— Күдіктілер екі айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!