Қытайда үшінші бала 10 жасқа толғанша жәрдемақы төлейтін болды
Отбасыларға қомақты қаржылай көмек көрсетіп, халық санын арттырмақ. Қытай билігі дүниеге келген үшінші балаға 10 жасқа толғанша жәрдемақы төлейтін болды.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
18.03.2025
Осы шешім арқылы елдегі бала туу көрсеткішін көтеруді көздеген. Себебі, статистика бойынша Қытайдағы халық саны үш жыл қатарынан азайып барады. Бұған жастардың шаңырақ көтеруге асықпайтыны себеп болған сыңайлы. Өйткені былтыр бұл елде неке қию рекорд орнатып, 20 пайызға қысқарған. Осылайша Хух-Хото провинциясының билігі отбасыға үкіметтен берілетін жәрдемақының мерзімін ұзартып, демографияны қалпына келтіруді жоспарлаған. Қазір бұл қалада ата-ана бірінші баланы дүниеге әкелгені үшін бір реттік 10 мың юань, яғни 700 мыңға жуық теңге қаржылай көмек алады. Екінші баласы үшін де тура сол қаражат төленеді. Бірақ бес жыл қатарынан беріледі. Ал үшінші балаға мемлекеттен төленетін жәрдемақының мерзімі 10 жасқа дейін жалғасады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!