{metadescription}

Ұлттық нақыштағы сән көрсетілімі. Алматыда әжелер подуимға шықты

Ұлттық киімді ұлықталған күн. Алматыда Наурыз мерекесіне орай ұлттық нақыштағы киімдердің сән көрсетілімі өтті. Онда дизайнерлердің этностильді туындыларын әлемге дәріптеп жүрген әжелер подуимға шықты.

Алматының Жібек жолында қызыл кілеммен жүріп өткен әжелер бүгінде кәсіби модельге айналған. Олар бұған дейін көздің жауын алатын ұлттық киімдерімізді Миландағы сән апталығында паш етіп келіпті. Енді әр өрнегінде халқымыздың тарихы сайрап жатқан дизайнерлік туындыларды Нью-Йорк жұртына таныстыруды жоспарлап отыр.

Nauryz Fashion Day деп аталатын шара Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылған. Осындай жобалардың арқасында қазақи киімдерге деген қызығу артып келеді дейді қатысушылар. Оны тақия, шапан мен камзол киіп, ұлттық әшекей бұйым таққан ұл-қыздардан байқауға болады. Сән көрсетіліміне этностильде келген қала тұрғындары да бүгін қызыл кілеммен жүріп өтуге мүмкіндік алды.

Айта кетерлігі, ұлттық нақыштағы киімдерде қолданылатын әр элементтің қолданылу реті, әр оюдың шертетін сыры бар, белгілі бір жайттан хабар беріп тұрады.

Нұрбану Мұхитдинқызы:

Әнді тербеткен бархан деп аталады. Қазақ халқы әрқашан да көшпелі болған ғой. Сондықтан жеңіл де әрі салқында болғанды қазақ халқымыз ұнатқан.Басымдағы киім «күндік» деп аталады, оның өз салты бар. Қысқа күндік, орташа күндік және биік күндік. Бұл әжелердің өз мәртебесі болған. Соған байланысты күндік те өсіп отырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде