«Қамажай». Астанада үш мың биші бір мезетте биледі
Астанада бір мезетте 3000 жас биші қазақтың ұлттық биі Қамажайды билеп шықты. Ауқымды хореография қойылымы Ұлыстың ұлы күніне орайластырылған. QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде біркелкі би қимылынан құрылған флешмобқа бишілер бір ай дайындалыпты.
Автор: Айжан Шамшидин
18.03.2025
«Қамажай» биін біркелкі орындау оңай емес. Себебі қазақ би өнерінің інжу-маржаны саналатын бұл туынды көрген көзге оңай болып көрінгенімен, көпшілікпен синхронды, бірдей орындау асқан шеберлікті талап етеді. Қазақ қыздарының бар болмысын бір қойылымда суреттеп берген бұл туындының соңында керемет шоу көрсетілді. Дронмен жоғарыда түсірілген кадрларда қыздар өздерінің қызыл-жасыл киімдерімен жауқазын гүлін бейнелегені анық көрініп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!