Тұңғыш президент музейінде өткен мюзиклде қазақтың салт-дәстүрі көрініс тапты
Елордадағы Тұңғыш президент музейінде бүгін тыңнан түрен салған айрықша қойылым жұрт назарына ұсынылды. Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік филармониямен бірлесіп жасалған ортақ мюзиклда адам өміріндегі ең маңызды сәттер көрініс тапқан. Балалық шақтан болашаққа қадам басқан баланың өмір жолы қазақтың салт-дәстүрімен байланыстырылған.
Автор: Айжан Шамшидин
18.03.2025
Атаулы іс-шара Ulttyq Qazyna мәдени-ақпараттық жобасы аясында ұйымдастырылды. Көпшіліктің көңілінен шыққан мюзикл толық жанды дауыста орындалды. Жас әртістер тал бесіктен жер бесікке дейінгі кезеңді көрсету мақсатында барын салды. Қойылым барысында жаңа технология пайдаланылып, көрермен жүрегіне жол табудың тың әдістері қолданылған. Тұтас бағдарлама қазақтың тарихына, музыкасына, өнеріне және халық ауыз әдебиетіне қоғамның назарын аударуға бағытталған.
Күлайша Әбдуалиева, Тұңғыш президент музейінің директоры:
— Бұл көрсетілімнің ерекшелігі — өмірге келгеннен бастап қарт жасымызға дейін бойымызға сіңген, жанымызда жүретін ұлт-дәстүрлеріміз көбінесе әнмен, музыкамен көркемделіп, ол күнделікті өміріміздің мәдениетінің ажырамас бөлігі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!