"Шымбұлақ" тау‑шаңғы курортында жасанды қар көшкіні жүргізілді
Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғы курортында жасанды қар көшкіні жүргізілді. Алдын алу жұмыстарына төтеншеліктер мен шаңғы курортының құтқарушы мамандары тартылды.
Автор: Ақтоты Жұмабек
18.03.2025
Теңіз деңгейінен 3200 метрден астам биіктікте орналасқан тау бөктерінде бір ғана жарылыс болды. Дегенмен қар түсіру жұмысы сәтсіз аяқталды. Мұны мамандар ауа райының күрт жылуымен байланыстырып отыр. Десе де бұл сақтық үшін жасалған шара дейді. Тұрғындарға тауға шықпас бұрын көшкін қаупі туралы дауылды ескертудің бар жоғын тексеру керектігін, сондай-ақ қауіпті аймаққа бармауын ескертеді. Таулы аймақтарда қар көшкіні қаупі әлі де барын айтып, демалушыларды барынша сақ болуға шақырды.
Виктор Львов, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының қар көшкінінен қорғау қызметінің басшысы:
— Бүгін біз тестілеу өткізіп, қар жамылғысының тұрақтылығын тексердік. Күмәнданатын қандай да бір көрсеткіштің бар-жоғын анықтадық. Осындай сынақ арқылы қауіпті немесе қауіпсіз қарды анықұтаймыз. Бұл шара аптасына бір рет жасалады. Маған әсіресе, шаңғы патруль қызметі үшін ең бастысы, қар көшкіні қоғамдық шаңғы трассаларына түспеуі керек. Осыны бақылаймыз. Мұндағы біз жасап жатқан прафилактика халықтың қауіпсіздігі үшін. Келушілер бірінші кезекте көшкін жүру қаупі бар ма, жоқ па, соны ескеруі тиіс. Сондықтан демалушыларды сақ болуға шақырамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!