{metadescription}

Қарағанды тұрғыны үйінде газ құбырын ашып, бәрін аяғынан тік тұрғызды

Қарағанды қаласының тұрғыны полиция, құтқару қызметі мен газбен қамту мамандарын аяқтарына тік тұрғызды. Ол өз пәтеріндегі газ құбырын ашып жіберіп, оның иісі подьезд тұрғындарының зәресін ұшырды. 

Оқиға түс ауа болған. Көбқабатты үй тұрғындары газдың иісін сезіп, құтқарушыларға хабарласқан. Сөйтсе үшінші қабаттағы пәтерде араққа сылқия тойған 37 жастағы ер адам орталық газ тетігін ағытып жіберген, есігін де ешкімге ашпай қойған. Оқиға орнына полиция мен газбен қамту қызметі де келіп, подьезден 38 тұрғынды далаға шығарды, арасында бес бала бар.

Пәтердің есігін бұзып кірген жедел әрекет ету тобы мас тұрғынды тырп еткізбей ұстады. Полиция мәліметінше, ұзақ уақыт арақ ішкен ер адамның ақыл-есі ауысып кеткен. Оны дереу психдиспансерге жеткізді.

Бақытжан Құдияров Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

37 жастағы азаматтың пәтерінің есігін бұзып кіріп ұстап, ол психоневрологиялық диспансерге жатқызылды. Полиция қызметкерлері мен төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында Қарағандыда үлкен қауіптің алды алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде