Астанада жұмыс кестесі таңғы сағат жеті жарымнан басталуы мүмкін
Елорда тұрғындары үшін жұмыс кестесі таңғы сағат жеті жарымнан басталуы мүмкін. Күні кеше ғана қала әкімінің орынбасары шығыс жұртшылығынан қалмай, жұмыс кестесін бір сағатқа ерте бастауды сұрап қолқа салғаны есте. Ал мәслихат депутаттары тіпті арыға барғалы отыр.
Автор: Айжан Шамшидин
19.03.2025
Астана Ммслихатының төрағасы Табиғат Зейнолқабден «ерте тұрған еркектің бір ісі артық» мақалын жөн көреді. «Бір сағаттың арысы не, берісі не», - дейді депутат. Себебі таңғы және кешкі уақытта қалада көлік кептеліп тұрады. Ал жұмысты ерте бастау азаматтардың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасауына мүмкіндік береді екен. Дегенмен әзірге жаңа жұмыс кестесі кімдерге қатысты болатыны бегісіз, ұсыныс талқыланып жатыр.
Табиғат Зейнолқабден, Астана қаласы Мәслихатының төрағасы:
— Сегіз сағаттық жұмыс кестесі сақталады. Тек уақыт белдеуі көңілінен шықпайтын мекемелер мен білім ошақтары, колледжер өз кестесін 1-1,5 сағатқа ерте бастаса еш әбестік болмайды деп ойлаймын. Тек таңмен таласа қызметін бастаған қызметкерлердің алтын уақытын кешке басшылары ұрламаса игі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!