{metadescription}

Ұлттық құрылтайларда көтерілген бастамалардың тоғызы заң ретінде қабылданды

Ұлттық құрылтай тағдыр шешті құжаттардың қабылдануына сеп болатын саяси алаңға айналды. Ұлытауда өткен ең әуелгі жиында қырықтан астам, Түркістанда 106, ал Атыраудағы құрылтайда 149 бастама көтеріліп, оның тоғызы заң ретінде қабылданған. 

Айдос Сарым, Мәжіліс депутаты:

Баяғыда Ахаңның айтқан сөзі бар: «Ұлт үшін майда-шүйде дейтін мәселе болмайды». Меніңше, барлығы да маңызды. Президент нақты бір заңдар туралы да тапсырмалар берді. Мысалы, өткенде Атырауда көтерілген мәселелер тоғыз заң болып еніп жатыр. Бірнеше жарлық шықты. Үкімет қаулылары шықты.

Депутаттар Бурабай төрінде қаузалған мәселелер де аяқсыз қалмайтынына сенімді. Президент жыл бойы әлеуметтік желілерді бақылап-бағдарлап отырады екен. Соның ішіндегі ең өзектісін екшелеп, қоғам белсенділірінің пікірімен санасады. Бұған дейін өткен үш құрылтай негізінде әйел мен бала қауіпсіздігі, вейп саудасына тыйым салу мен ойын бизнесін шектеу туралы құжатқа қол қойылған.

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты:

Ұлттық құрылтай расында да үлкен саяси қоғамдық институтқа айналып бара жатыр. Оның дәлелі, кешегі отырыста мемлекет басшысы тек саяси-әлеуметтік мәселе көтерген жоқ, сонымен қатар экономикалық мәселелерге тоқталды. Яғни бұл халық күтетін, халыққа маңызды мәлімдеме жасайтын мемлекет басшысының арнайы саяси алаңы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.